Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
ЖК «Байгонусова З.Я.»

Жалпы мәлімет

«Al-Adil» бөбекжай - балабақшасы Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылы Жұмбақтас  көшесі  № 90 А үйінде орналасқан . Ғимарат 2-қабаттан тұрады. Нысанның жалпы ауданы 240 м2. Тұрғын ауданы 198 м2. Жер телімінің жалпы ауданы 1500 м2.

Балабақшаның қуаттылығы 50 бала, 2 топқа арналған, қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша  25 бала, жас ерекшеліктеріне байланысты екі топка бөлінді.

Бүлдіршіндердің  дамып өсуіне толық жағдай ұйымдастырылған, арнайы музыка залы, меңгерушінің  кабинеті, әдіскер және психологтың кабинеті,  әр топта 1- ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізетін бөлме , 1-жатын бөлмесі мен тазалық гигиеналық орындары бар. Медициналық кабинет, асхана, кір жуу, қойма бөлмелері бар.  Далада таза ауада ойнап өсу жағдайы қарастырылған, барлық топтардың төбесі жабылған ағаштан салынған ойын шатырлары . Жаз мезгілінде үрмелі бассейндер бар.

Балабақшада оқу іс-әрекеттерін 5 педагог атқарады.  Олардың  білімі  төмендегідей: жоғары білімі барлар саны –  5 педагог ,

аяқталмаған жоғары білімі барлары – жоқ, 

 орта арнаулы білімді –   1 адам.

№ Атауы Жүктеу
1 5 қосымша